Кері қоңырау шалуға тапсырыс беру

App Store-дан жүктеу

Play Market-тен жүктеу

Рсымбетова Райхан Сагыновна

Лауазымы: Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің «Ұлттық сараптама орталығы» ШЖҚ РМК Алматы облысы бойынша филиалының директоры.

Туған күні: 04.02.1969 ж.

Отбасылық жағдайытуыстық байланыстары:

  • Тұрмыс құрған
  • Балалары: екеу

Тілдік дағдылары:

 Қазақ, орыс, неміс тілі.

Білімі, мамандығы (біліктілігі), лицензиялары:

  • Қарағанды мемлекеттік медицина институты, «Гигиена, санитария, эпидемиология» мамандығын тәмәмдаған;
  • Қазан қаржы-экономикалық және информатика институты. «Менеджмент» мамандығы;

Еңбек өтілі:

  • 1992-1996 жж. - Маңғыстау облысы Ералиев ауданының Санитарлық-эпидемиологиялық қызметінің  дәрігер -эпидемиологы;
  • 1996-1998 жж. - Маңғыстау облысы бойынша Санитарлық-эпидемиологиялық қызметінің  эпидемиолог-дәрігері;
  • 1998-2001жж. - Ақтау қаласы бойынша Санитарлық-эпидемиологиялық қызметінің эпидемиологиялық бөлімінің меңгерушісі;
  • 2001-2003 жж.- Маңғыстау облыстық санитарлық-эпидемиологиялық қызметі дезинфекциялық бөлімінің меңгерушісі;
  • 2003-2007 жж.- Маңғыстау облысы бойынша мемлекеттік санитарлық эпидемиологиялық қызмет Департаменті директорының орынбасары;
  • 2007-2015 жж. - Маңғыстау облыстық Санитариялық-эпидемиологиялық сараптама орталығының директоры;
  • 2015-2022 жж. - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің «Ұлттық сараптама орталығы» ШЖҚ РМК Маңғыстау облысы бойынша филиалының директоры;  
  • 2022-2023 жж. - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің «Ұлттық сараптама орталығы» ШЖҚ РМК  Алматы қаласы бойынша филиалының Бостандық ауданы бөлімшесінің басшысы.                                  

Мемлекеттік және халықаралық наградалар, сыйлықтар, құрметті атақтар:

  • «Денсаулық сақтау ісінің үздігі» төсбелгісі (2007 ж.);
  • ҚР Президентінің Құрмет грамотасы (2020 ж.).