Кері қоңырау шалуға тапсырыс беру

App Store-дан жүктеу

Play Market-тен жүктеу

ҚР ДСМ СЭБК «Ұлттық сараптама орталығы» ШЖҚ РМК Шығыс Қазақстан облысы бойынша филиалының маркетинг және коммерциялық қызмет бөлімінің бастығы бос орын лауазымына орналастыруға конкурс өткізу туралы хабарландыру

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Санитариялық -эпидемиологиялық бақылау комитетінің «Ұлттық сараптама орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорынның Шығыс Қазақстан облысы бойынша филиалы (бұдан әрі - Филиал) маркетинг және коммерциялық қызмет бөлімінің бастығы бос орын лауазымына орналастыруға конкурс жариялайды.

Филиал қызметінің мәні денсаулық сақтау саласындағы қызметті жүзеге асыру болып табылады.

Филиал қызметінің мақсаты - халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығын қамтамасыз ету.

Біліктілік талаптары:

Маркетинг және коммерциялық қызмет бөлімінің бастығы бос орын лауазымына орналасуға арналған конкурсына жоғары экономикалық білім, санитариялық-эпидемиологиялық бейіндегі медициналық білім немесе маркетинг саласындағы қосымша мамандандырылған, басшылық лауазымдарда 2 жылдан кем емес жұмыс өтілі бар Қазақстан Республикасының азаматы қатыса алады.

Қызметтік міндеттері:

1. Өзіне жүктелген міндеттердің уақтылы және сапалы орындалуын қамтамасыз ету және бақылау.

2. Денсаулық сақтау министрлігінің, бұйрықтары мен өкімдерінің, ҚР санитарлық-эпидемиологиялық нормалау жүйесінің нормативтік құжаттамасының, "Ұлттық сараптама орталығы" ШЖҚ РМК бұйрықтары мен өкімдерінің, филиал директорының бұйрықтары мен өкімдерінің орындалуына бақылауды жүзеге асыру.

3. ЖМКҚ қызметкерлерінің жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін, оның ішінде е-Өтініш платформасында уақтылы қарауын бақылауды жүзеге асыру".

4. Қызметтер көрсетуге шарттарды уақтылы жасасу және шарттық міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз ету бойынша бақылауды жүзеге асыру.

5. Клиенттермен жұмысты жетілдіру бойынша әдістер мен рәсімдерді қамтамасыз ету және әзірлеу. Қызмет тұтынушыларының пікірлерін зерттеу бойынша жүргізілген сауалнамаға талдау жүргізу.

6. Филиал қызметінің мәселелері бойынша есептерді жоспарлау және ұсыну.

7. Айына бір рет толық статистикалық есеп бере отырып, филиал қызметінің негізгі көрсеткіштеріне апта сайын мониторинг жүргізу.

8. Бөлімнің материалдық және техникалық құралдарын мақсаты бойынша ұтымды пайдалануды қамтамасыз ету.

9. Бөлімнің құжаттамасын әзірлеу. Құжаттаманы басқаруға, өзектілігін жоғалтқан және жұмыс орындарында сақталған құжаттарды алып қоюға, есептен шығаруға жауапты тұлғаларды бақылауға, сондай-ақ оларды мұрағатқа беруге жауапты.

10. Филиал қызметкерлерінің дербес деректерін қоса алғанда, филиалдың коммерциялық құпиясын құрайтын мәліметтерді, өзге де құпия мәліметтерді қамтитын ақпаратты (құжаттарды) сенімді қорғауды қамтамасыз ету.

11. Филиал мамандарына практикалық және теориялық көмек және кеңес беру арқылы әдістемелік басшылықты жүзеге асыру.

12. Маркетингтік ақпаратты жинау және талдау, қызметтер маркетингі бойынша деректер банкін құру бойынша филиалдың басқа бөлімшелерімен бөлімнің қызметін үйлестіру бойынша оңтайлы жағдайлар жасау.

13. Білуі керек: - Қазақстан Республикасының Конституциясы; - Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі; - Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі; - "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының Кодексі; - "Мемлекеттік мүлік туралы", "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы", "Қазақстан Республикасындағы тіл туралы", "Мемлекеттік сатып алу туралы"Қазақстан Республикасының заңдары; - "Самұрық-Қазына "ҰӘҚ" акционерлік қоғамының және "Самұрық-Қазына" АҚ Директорлар кеңесінің шешімімен бекітілген Ұйымдардың тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді сатып алу қағидалары, халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы талаптарды регламенттейтін Қазақстан Республикасы мен Еуразиялық экономикалық одақтың қолданыстағы заңнамалық және өзге де нормативтік құқықтық актілері; - ҰЭО-ның тендерлерге қатысу тәртібі.

14. Еңбекті қорғау, қауіпсіздік техникасы қағидаларының талаптарын сақтау, бөлімде қауіпсіздік техникасы бойынша нұсқама жүргізу.

15. Мәселелерді талқылау мен шешуде дара басшылық пен алқалылық қағидатын, бағыныштылар жұмысының тиімділігін арттырудың материалдық және моральдық ынталандыруларын, өзіне тапсырылған іс үшін әрбір қызметкердің материалдық мүдделілігі мен жауапкершілігі қағидаттарын қолдануды қамтамасыз ету.

16. Жеке мысал ретінде бөлімде тұрақты және жағымды моральдық-психологиялық жағдай жасауға ықпал ету.

17. Еңбек тәртібі мен ішкі тәртіп ережелерін сақтау.

18. Мамандардың өзара алмасуын қамтамасыз ету.

19. Филиал иесі болып табылатын құпия ақпаратты жария етпеу және оның келісімінсіз бұл ақпаратты жеке мақсатта пайдаланбау.

20. Еңбек міндеттерін орындауға байланысты белгілі болған құпия ақпарат жария етілген жағдайда келтірілген залалды өтеуге міндетті.

21. Жеке тұлғаның (және жұбайының/зайыбының) активтері мен міндеттемелері, кірістері мен мүлкі туралы декларацияны кейіннен филиалдың персоналмен жұмыс және іс жүргізу бөліміне декларацияны тапсыру туралы хабарламаның көшірмесін ұсына отырып, салық органына уақтылы ұсынуға міндетті.

Конкурсқа қатысуға ниет білдірген азамат келесі құжаттарды қолма қол немесе курьерлік пошта арқылы ұсынуы қажет:

1) Конкурс Ережелерінің (Кәсіпорын сайтында, «бос жұмыс орындары» бөлігінің соңғы парақта орналастырылған) 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша өтініш;

2) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

3) кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке парақ (нақты тұрғылықты мекен-жайы мен байланыс телефондары көрсетілген);

4) лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың нотариалды куәландырылған көшірмелері;

5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі;

6) сыбайлас жемқорлық қылмыс жасау бойынша мәліметтердің бар-жоғы туралы анықтама (egov арқылы беріледі);

7) Конкурс Ережелерінің (Кәсіпорын сайтында, «бос жұмыс орындары» бөлігінің соңғы парақта орналастырылған) 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша түйіндеме.

Көрсетілген құжаттардың біреуі болмаса конкурсқа жіберуден бас тартуға негіз болып табылады. Құжаттарды курьерлік пошта арқылы алған жағдайда, олар қайтарылуға жатпайды.

Конкурсқа қатысушы өзінің біліміне қатысты қосымша ақпаратты, лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес жұмыс тәжірибесін растайтын құжаттарды, кәсіби деңгейін (біліктілігін арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар беру туралы құжаттардың көшірмелері, ғылыми жарияланымдар, алдыңғы жұмыс орнының басшылығынан ұсынымдар және т.б.) ұсынады.

Байқау келесі кезеңдерден тұрады:

1) біліктілік бағалау;

2) тестілеу;

3) сұхбаттасу өткізу;

4) конкурстың қорытындысын шығару.

Конкурсты өткізу тәртібі ҚР ДСМ СЭБК «Ұлттық сараптама орталығы» ШЖҚ РМК Басқармасының сырттай отырысының 2023 жылғы 21 қыркүйектегі № 55 шешімімен бекітілген ҚР ДСМ СЭБК «Ұлттық сараптама орталығы» ШЖҚ РМК жұмыскерлерінің бос орын лауазымдарын конкурстық орналастыру ережелерімен (ҚР ДСМ СЭБК «Ұлттық сараптама орталығы» ШЖҚ РМК сайтында орналастырылған) реттеледі.

Құжаттарды қабылдау жұмыс күндері сағат 8.00-ден 17.30-ға дейін (үзіліс сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін), Өскемен қаласы, Н.Назарбаев даңғылы, 17 мекен-жайы бойынша жүргізіледі.

Құжаттарды қабылдаудың аяқталуы: 2026 жыл 26 наурыз, сағат 17.30-ға дейін.

Анықтама телефоны: 8(7232) 76-78-61.