Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің «Ұлттық сараптама орталығы» ШЖҚ РМК Қостанай облысы бойынша филиалы (бұдан әрі-Филиал) Амангелді, Меңдіқара, Сарыкөл, Б.Майлин, Федоров аудандық бөлімшелерінің, Арқалық қалалық бөлімшесінің санитариялық – гигиеналық зерттеулер зертханаларының зертханашылары бос лауазымдарына орналасуға конкурс жариялайды.
Филиал қызметінің мәні денсаулық сақтау саласындағы қызметті жүзеге асыру болып табылады.
Филиал қызметінің мақсаты - халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығын қамтамасыз ету.
Біліктілік талаптары: Филиалдың Санитарлық-гигиеналық зерттеулер зертханасының зертханашы бос орын лауазымына орналастыру конкурсына "Гигиена және эпидемиология" немесе "Зертханалық диагностика" кадрларын даярлау бағыттары бойынша техникалық және кәсіптік білімі, тиісті мамандық бойынша денсаулық сақтау саласындағы маман сертификаты бар Қазақстан Республикасының азаматтары қатыса алады
Лауазымдық міндеттері:
1. Зертханалық зерттеулер үшін эпидемиологиялық ошақтардан сынамалар алу: Тамақ өнімдері, тауарлар, бұйымдар, құрылыс материалдары, кең тұтынылатын тауарлар, уытты, радиоактивті және биологиялық заттар, ауыз су, сарқынды сулар, топырақ және олардың зертханалық және аспаптық зерттеулері.
2. Материалдарды жинауға және өңдеуге қатысу.
3. Есепке алу-есептік медициналық құжаттаманы жүргізу.
4. Зертханалық жабдықтың жарамды күйін бақылау.
5. Зертханалық зерттеулер, аспаптық өлшеулер жүргізуге жабдықтар дайындау.
6. Медициналық этиканы, ішкі еңбек тәртібі, өрт қауіпсіздігі, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау тәртібін, санитариялық-эпидемиологиялық режимді сақтау.
7. Патогенді микроорганизмдерді клиникалық материалдан және сыртқы орта компоненттерінен (микробиологиялық зертханалар үшін) оқшаулау бойынша зертханалық зерттеулер жүргізу.
Конкурсқа қатысуға ниет білдірген азамат келесі құжаттарды қолма қол немесе курьерлік пошта арқылы ұсынуы қажет:
1) Конкурс Ережелерінің (Кәсіпорын сайтында, «бос жұмыс орындары» бөлігінің соңғы парақта орналастырылған) 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша өтініш;
2) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
3) кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке парақ (нақты тұрғылықты мекен-жайы мен байланыс телефондары көрсетілген);
4) лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың нотариалды куәландырылған көшірмелері;
5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі;
6) сыбайлас жемқорлық қылмыс жасау бойынша мәліметтердің бар-жоғы туралы анықтама (egov арқылы беріледі);
7) Конкурс Ережелерінің (Кәсіпорын сайтында, «бос жұмыс орындары» бөлігінің соңғы парақта орналастырылған) 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша түйіндеме.
Көрсетілген құжаттардың біреуі болмаса конкурсқа жіберуден бас тартуға негіз болып табылады. Құжаттарды курьерлік пошта арқылы алған жағдайда, олар қайтарылуға жатпайды.
Конкурсқа қатысушы өзінің біліміне қатысты қосымша ақпаратты, лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес жұмыс тәжірибесін растайтын құжаттарды, кәсіби деңгейін (біліктілігін арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар беру туралы құжаттардың көшірмелері, ғылыми жарияланымдар, алдыңғы жұмыс орнының басшылығынан ұсынымдар және т.б.) ұсынады.
Конкурс келесі кезеңдерден тұрады:
1) біліктілік бағалау;
2) сұхбаттасу өткізу;
3) конкурс қорытындысын шығару.
Конкурсты өткізу тәртібі ҚР ДСМ СЭБК «Ұлттық сараптама орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны Басқармасының 2023 жылғы 21 қыркүйектегі № 55 сырттай отырысының шешімімен бекітілген ҚР ДСМ СЭБК «Ұлттық сараптама орталығы» ШЖҚ РМК жұмыскерлерінің бос орын лауазымдарын конкурстық орналастыру ережелерімен (ҚР ДСМ СЭБК «Ұлттық сараптама орталығы» ШЖҚ РМК сайтында орналастырылған) реттеледі.
Құжаттарды қабылдау жұмыс күндері сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін (үзіліс сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін), Қостанай қаласы, Әль-Фараби д, 113, 414 кабинет мекенжайы бойынша жүргізіледі.
Құжаттарды қабылдаудың аяқталуы: 2025 жылғы 29 шілде, сағат 18.00-ға дейін.
Анықтама телефоны: 8 (7142) 56-92-72