Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің «Ұлттық сараптама орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорыны (бұдан әрі – Кәсіпорын) Бухгалтерлік есеп және есептілік департаментінің директоры – Бас бухгалтері бос орын лауазымына орналастыруға конкурс жариялайды.
Кәсіпорын қызметінің міндеті денсаулық сақтау аумағындағы қызметті іске асыру болып табылады.
Кәсіпорын қызметінің мақсаты халықтың санитарлық-эпидемиологиялық саулығын қамтамасыз ету болып табылады.
Біліктілік талаптары:
Кәсіпорынның Бухгалтерлік есеп және есептілік департаментінің директоры – Бас бухгалтері бос орын лауазымына орналастыру конкурсына жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) кәсіптік білім (экономикалық, қаржылық), басшы лауазымдардағы қаржы-бухгалтерлік жұмыс саласында кемінде соңғы 5 (бес) жыл жұмыс өтілі бар Қазақстан Республикасының азаматтары қатыса алады.
Қызметтік міндеттері:
1) Қаржы-шаруашылық қызметтің бухгалтерлік есебін ұйымдастыруды және меншіктің сақталуын, Кәсіпорынның материалдық, еңбек және қаржы ресурстарының үнемді пайдаланылуын бақылауды жүзеге асырады;
2) Кәсіпорын филиалдарының Бухгалтерлік есеп және есептілік департаменті мен бөлімдерінің қызметіне басшылықты жүзеге асырады және олардың қызметінің нәтижелеріне жауап береді;
3) Департаментке жүктелген функциялардың уақтылы және сапалы орындалуын бақылау;
4) Кәсіпорын филиалдарының бас бухгалтерлерінің бос орындарына кандидаттарды іріктеуге қатысады;
5) үлгілік Нысандар көзделмеген шаруашылық операцияларды ресімдеу үшін қолданылатын бастапқы есепке алу құжаттарының нысандарын дайындау және қабылдау, ішкі бухгалтерлік есептілік құжаттарының нысандарын әзірлеу, сондай-ақ түгендеу жүргізу тәртібін қамтамасыз ету, ҚЕХС стандарттарын қолдану негізінде шаруашылық операцияларды жүргізуді бақылау жөніндегі жұмысты басқарады;
6) заманауи техникалық құралдар мен ақпараттық технологияларды, есепке алу және бақылау әдістерін қолдану негізінде Кәсіпорында бухгалтерлік есеп пен есептілікті ұтымды ұйымдастыруды, кәсіпорынның қызметі, оның мүліктік жағдайы, кірістері мен шығыстары туралы толық және дұрыс бухгалтерлік ақпаратты қалыптастыруды және уақтылы ұсынуды, сондай-ақ қаржылық тәртіпті нығайтуға бағытталған іс-шараларды әзірлеуді және жүзеге асыруды қамтамасыз етеді;
7) тиісті органдарға белгіленген тәртіппен қаржылық есептілікті, сондай-ақ өзге де бухгалтерлік және статистикалық есептілікті ұсынуды қамтамасыз етеді;
8) мүлікті, міндеттемелерді және шаруашылық операцияларды, келіп түсетін негізгі құралдарды, тауарлық-материалдық құндылықтар мен ақшалай қаражатты есепке алуды, олардың қозғалысына байланысты операцияларды бухгалтерлік есеп шоттарында уақтылы көрсетуді, өндіріс және айналым шығындарын, шығыстар сметасын орындауды, өнімді өткізуді, жұмыстарды (қызметтерді) орындауды, кәсіпорынның қаржы-шаруашылық қызметінің нәтижелерін есепке алуды ұйымдастырады, сондай-ақ қаржылық, есеп айырысу және кредиттік операциялар;
9) Кәсіпорынның бастапқы және бухгалтерлік құжаттарын, есеп айырысулары мен төлем міндеттемелерін ресімдеу тәртібінің сақталуын, жалақы қорының жұмсалуын, кәсіпорын қызметкерлерінің лауазымдық жалақыларының белгіленуін бақылауды жүзеге асырады;
10) ішкі шаруашылық резервтерін анықтау, шығындар мен өнімсіз шығыстардың алдын алу және жою мақсатында Бухгалтерлік есеп және есептілік деректері бойынша Кәсіпорынның қаржы-шаруашылық қызметіне экономикалық талдау жүргізеді;
11) штаттық, қаржылық және кассалық тәртіптің, әкімшілік-шаруашылық және басқа да шығыстардың сметаларының қатаң сақталуын, бухгалтерлік есеп шоттарынан кемшіліктерді, дебиторлық берешекті және басқа да шығындарды есептен шығарудың заңдылығын, бухгалтерлік құжаттардың сақталуын, оларды белгіленген тәртіппен ресімдеуді және мұрағатқа тапсыруды қамтамасыз ету жөніндегі жұмысты жүргізеді
12) Қазақстан Республикасы салық заңнамасының талаптарына сәйкес салық есебін жүргізуді, салық нысандарын жасауды және салық қызметі органдарына белгіленген мерзімдерде табыс етуді қамтамасыз етеді;
13) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік бюджетке салықтық және басқа да міндетті төлемдердің, зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдардың дұрыс есептелуін және аударылуын қамтамасыз етеді;
14) Департамент қызметкерлерінің жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін, оның ішінде Е-Өтініш платформасында уақтылы қарауын бақылау;
15) Департамент құзыреті шегінде Кәсіпорын филиалдарының қызметін үйлестіру;
16) Кәсіпорын филиалдарына бухгалтерлік есеп, бақылау, есептілік және шаруашылық қызметті талдау мәселелері бойынша әдістемелік және практикалық көмек көрсетеді;
17) белгіленген мерзімдерде мерзімді есептілікті, сондай-ақ жоғары тұрған ұйымның, кәсіпорын басшылығының сұрау салулары бойынша өзге де ақпаратты уақтылы дайындауды және ұсынуды бақылайды;
18) белгіленген мерзімде дебиторлық берешекті өндіріп алуды және кредиторлық берешекті өтеуді, төлем тәртібінің сақталуын бақылайды;
19) қаржылық ақпарат дерекқорын қалыптастыру, жүргізу және сақтау жөніндегі жұмыстардың орындалуын бақылайды, деректерді өңдеу кезінде пайдаланылатын анықтамалық және нормативтік ақпаратқа өзгерістер енгізу бойынша қатысады.
Конкурсқа қатысуға тілек білдірген азамат келесі құжаттарды қолма қол немесе курьерлік пошта арқылы ұсынуы қажет:
1) Конкурс Ережелерінің (Кәсіпорын сайтында, «бос жұмыс орындары» бөлігінің соңғы парақта орналастырылған) 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша өтініш;
2) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
3) кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке парақ (нақты тұрғылықты мекен-жайы мен байланыс телефондары көрсетілген);
4) лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың нотариалды куәландырылған көшірмелері;
5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі;
6) сыбайлас жемқорлық қылмыс жасау бойынша мәліметтердің бар-жоғы туралы анықтама (egov арқылы беріледі);
7) Конкурс Ережелерінің (Кәсіпорын сайтында, «бос жұмыс орындары» бөлігінің соңғы парақта орналастырылған) 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша түйіндеме.
Көрсетілген құжаттардың біреуі болмаса конкурсқа жіберуден бас тартуға негіз болып табылады. Құжаттарды курьерлік пошта арқылы алған жағдайда, олар қайтарылуға жатпайды.
Конкурсқа қатысушы өзінің біліміне қатысты қосымша ақпаратты, лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес жұмыс тәжірибесін растайтын құжаттарды, кәсіби деңгейін (біліктілігін арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар беру туралы құжаттардың көшірмелері, ғылыми жарияланымдар, алдыңғы жұмыс орнының басшылығынан ұсынымдар және т.б.) ұсынады.
Конкурс келесі кезеңдерден тұрады:
1) біліктілік бағалау;
2) тестілеу;
3) сұхбаттасу өткізу;
4) конкурс қорытындысын шығару.
Конкурсты өткізу тәртібі Кәсіпорынның Басқармасының сырттай отырысының 2023 жылғы 21 қыркүйектегі № 55 шешімімен бекітілген Кәсіпорын жұмыскерлерінің бос орын лауазымдарын конкурстық орналастыру ережелерімен (Кәсіпорын сайтында орналастырылған) реттеледі.
Құжаттарды қабылдау жұмыс күндері сағат 8.00-ден 13.00-ге дейін және 14.30-дан 17.30-ге дейін мына мекен-жай бойынша жүргізіледі: Астана қаласы, Достық көшесі, 18 үй, Москва БО, 8 қабат, 2 кабинет.
Құжаттарды қабылдаудың аяқталуы: 2025 жылғы 22 шілде сағат 17.00.
Анықтама телефоны: 8(7172) 554903.