Кері қоңырау шалуға тапсырыс беру

App Store-дан жүктеу

Play Market-тен жүктеу

ҚР ДСМ СЭБК «Ұлттық сараптама орталығы» ШЖҚ РМК Ұлытау облысы бойынша филиалының мемлекеттік сатып алу жөніндегі маманы бос лауазымына орналасуға конкурс өткізу туралы хабарландыру

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министірлігі Санитариялық - эпидемиологиялық бақылау комитетінің «Ұлттық сараптама орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорынның Ұлытау облысы бойынша филиалының (бұдан әрі – Филиал) құқықтық, кадрлық жұмыс және мемлекеттік сатып алу секторының мемлекеттік сатып алу жөніндегі маман бос лауазымына орналасуға конкурс жариялайды.

Филиал қызметінің міндеті денсаулық сақтау аумағындағы қызметті іске асыру болып табылады.

Филиал қызметінің мақсаты халықтың санитарлық-эпидемиологиялық саулығын қамтамасыз ету болып табылады.

Біліктілік талаптары:

Құқықтық, кадрлық жұмыс және мемлекеттік сатып алу секторының, мемлекеттік сатып алу жөніндегі маман бос лауазымына қойылатын біліктілік талаптары: Құқықтық, кадрлық жұмысы және мемлекеттік сатып алу секторының мемлекеттік сатып алу жөніндегі маманы бос лауазымына орналасауға конкурсқа жоғары экономикалық немесе заңгерлік білімі бар, сонымен қатар кемінде 2 (екі) жыл жұмыс өтілі бар Қазақстан Республикасының азаматтары қатыса алады.

Лауазымдық міндеттері:

1) Тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді және баға ұсыныстарын сұраныс арқылы конкурс пен аукцион арқылы сатып алуды жүзеге асырады; 

2) Мемлекеттік сатып алу участкелеріне мониторингін жүргізеді;  

3) Дайын құжаттарды конкурс комиссиясына береді;

4) Филиал қатысатын конкурстардың нәтижелері мен баға ұсыныстарын бақылайды, ұйымның конкурсқа қатысуға рұқсат беруі туралы хаттамааларды, тендер жеңімпазын таңдау туралы хаттамаларды алады. Мемлекеттік сатып алу конкурсы туралы алынған нәтижелерге талдау жасайды. Қайталама конкур, баға сұрауы туралы ақпараттар береді;

5) Конкурстық құжаттаманы дайындауға,кезекті  өнім берушілер туралы ақпарат алуға, өтінім беруге арналған шығыстарды анықтауға қатысады;

6) Конкурстық құжаттаманы жүргізуді жүзеге асырады;

7) Бюджетті, өтінімді және мемлекеттік сатып алу жоспарын жасауға қатысады. Мемлекеттік сатып алулар жоспарын мемлекеттік сатып алу веб – сайтына орналастырады;  

8) Тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді жеткізу мерзімін бақылайды, бастамашысы заң, кадр және шаруашылық жұмыс бөлімі болып табылады;   

9) Конкурстар бойынша шарттарға қол қою мерзімдерін үйлестіреді. Уақытылы есеп беруді қамтамасыз етеді. Жеткізушілер Мемлекеттік сатып алу веб-порталына қоятын бастапқы құжаттардың ресімделуінің дұрыстығын тексереді. 

Конкурсқа қатысуға ниет білдірген азамат келесі құжаттарды қолма қол немесе курьерлік пошта арқылы ұсынады:

1) Конкурс Ережелерінің (Кәсіпорын сайтында, «бос жұмыс орындары» бөлігінің соңғы парақта орналастырылған) 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша өтініш;

2) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

3) кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке парақ (нақты тұрғылықты мекен-жайы мен байланыс телефондары көрсетілген);

4) лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың нотариалды куәландырылған көшірмелері;

5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі;

6) сыбайлас жемқорлық қылмыс жасау бойынша мәліметтердің бар-жоғы туралы анықтама (egov арқылы беріледі);

7) Конкурс Ережелерінің (Кәсіпорын сайтында, «бос жұмыс орындары» бөлігінің соңғы парақта орналастырылған) 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша түйіндеме.

Көрсетілген құжаттардың біреуі болмаса конкурсқа жіберуден бас тартуға негіз болып табылады. Құжаттарды курьерлік пошта арқылы алған жағдайда, олар қайтарылуға жатпайды.

Конкурсқа қатысушы өзінің біліміне қатысты қосымша ақпаратты, лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес жұмыс тәжірибесін растайтын құжаттарды, кәсіби деңгейін (біліктілігін арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар беру туралы құжаттардың көшірмелері, ғылыми жарияланымдар, алдыңғы жұмыс орнының басшылығынан ұсынымдар және т.б.) ұсынады.

Конкурс келесі кезеңдерден тұрады:

1) Біліктілікті бағалау;

2) Тестілеу;

3)  Сұхбат жүргізу;

4) Конкурстың қорытындысын шығару.

Конкурсты өткізу тәртібі ҚР ДСМ СЭБК «Ұлттық сараптама орталығы» ШЖҚ РМК Басқармасының сырттай отырысының 2023 жылғы 21 қыркүйектегі № 55 шешімімен бекітілген ҚР ДСМ СЭБК «Ұлттық сараптама орталығы» ШЖҚ РМК жұмыскерлерінің бос орын лауазымдарын конкурстық орналастыру ережелерімен (ҚР ДСМ СЭБК «Ұлттық сараптама орталығы» ШЖҚ РМК сайтында орналастырылған) реттеледі..

Құжаттарды қабылдау: жұмыс күндері сағат 09:00 -ден – 13:00 -ге дейін 14:30-дан – 18:00- ге дейін Жезқазған қаласы, Гурбы көшесі, - № 6 мекенжайы бойынша орналасқан.

Құжаттарды қабылдаудың соңғы мерзімі:  2025 жылдың 19 наурыз, сағат 18:00.

Анықтама телефоны: 8 (7102) 41-02-41.