Кері қоңырау шалуға тапсырыс беру

App Store-дан жүктеу

Play Market-тен жүктеу

ҚР ДСМ СЭБК «Ұлттық сараптама орталығы» ШЖҚ РМК Алматы қаласы бойынша филиалының заңгер лауазымына орналасуға конкурс өткізу туралы хабарландыру

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Санитариялық -эпидемиологиялық бақылау комитетінің «Ұлттық сараптама орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорынның Алматы қаласы бойынша филиалының (бұдан әрі - Филиал) құқықтық, кадрлық жұмыс және мемлекеттік сатып алу секторының заңгер лауазымына орналасуға конкурс жариялайды.

Филиал қызметінің мәні денсаулық сақтау саласындағы қызметті жүзеге асыру болып табылады.

Филиал қызметінің мақсаты - халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығын қамтамасыз ету.

Біліктілік талаптары:

1. Құқықтық, кадрлық жұмыс және мемлекеттік сатып алу секторының заңгері лауазымына жоғары кәсіптік (заңгерлік) білімі бар мамандығы бойынша жұмыс өтілі 2 (екі) жылдан кем емес тұлға тағайындалады.

2. Өз ерекшелігі бойынша құқықтық, кадрлық жұмыс және мемлекеттік сатып алу секторының заңгері білуге тиіс:

  • «Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасының Заңы және Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидалары, сондай-ақ «Ұлттық сараптама орталығы» ШЖҚ РМК бас директоры бекіткен «Құрылымдық бөлімшелер арасындағы өзара іс-қимыл қағидалары» ҚР ДСМ КСЭК;
  • ҚР еңбек қатынастары, Денсаулық сақтау және халықтың санитариялық эпидемиологиялық саламаттылығын қамтамасыз ету саласындағы заңнамалық актілер;
  • кәсіпорынның құқықтық қызметі бойынша нормативтік құқықтық құжаттар,әдістемелік және нормативтік материалдар;
  • азаматтық, еңбек, қаржы, әкімшілік құқық;
  • шаруашылық шарттарды, ұжымдық шарттарды, тарифтік келісімдерді жасасу және ресімдеу тәртібі; - заманауи ақпараттық технологияларды пайдалана отырып, құқықтық құжаттаманы жүйелеу, есепке алу және жүргізу тәртібі;
  • еңбекті қорғау ережелері мен нормалары.

Қызметтік міндеттері:

1. Құқықтық сипаттағы құжаттарды әзірлейді немесе әзірлеуге қатысады.

2. Филиалдағы құқықтық жұмыстарға әдістемелік басшылықты жүзеге асырады, құрылымдық бөлімшелерге әртүрлі құқықтық құжаттарды дайындау мен рәсімдеуде құқықтық көмек көрсетеді, талаптарды қабылдамау кезінде негізделген жауаптар дайындауға қатысады.

3. Филиалдың басқа бөлімшелерімен бірлесіп оларды сотқа, тергеу және сот органдарына беру үшін ұрлық, жымқыру, кемшіліктер, ҚР заңнамасын бұзу және өзге де құқық бұзушылықтар туралы материалдар дайындайды, өндірістегі және орындауда аяқталған сот істерін есепке алуды және сақтауды жүзеге асырады.

4. Шарттық, қаржылық және еңбек тәртібін нығайту, Филиал мүлкінің сақталуын қамтамасыз ету жөніндегі іс-шараларды әзірлеуге және жүзеге асыруға қатысады.

5. Анықталған кемшіліктерді жою және Филиалдың шаруашылық-қаржылық қызметін жақсарту туралы ұсыныстарды әзірлеу мақсатында талаптарды, сот және төрелік істерді қарау нәтижелерін, шарттарды жасасу және орындау практикасын зерделеуді, талдауды және қорытуды жүргізеді.

6. Мемлекеттік сатып алу туралы шарттар мен қызметтер көрсетуге арналған шарттар жасасу, олардың құқықтық сараптамасын жүргізу жөніндегі жұмысқа қатысады, сондай-ақ дебиторлық және кредиторлық берешектер туралы мәселелерді қарайды

7. Құрылымдық бөлімшелердің шағымдар мен талаптарға жауаптарды дайындау, сотқа талап-арыздарды дайындау үшін анықтамаларды, есептеулерді, түсініктемелерді және басқа материалдарды уақтылы ұсынуын бақылайды.

8. Басқа бөлімшелермен бірлесіп Филиалда шығарылған қолданыстағы бұйрықтарды және басқа да нормативтік актілерді өзгерту немесе күшін жою туралы ұсыныстар дайындайды.

9. Филиал қызметінде туындайтын құқықтық мәселелер, нормативтік актілердің жобалары бойынша қатысады.

10. Филиал қызметкерлерін қолданыстағы заңнама және ондағы өзгерістер туралы хабардар етуді, Филиал лауазымды тұлғаларын олардың қызметіне қатысты нормативтік құқықтық актілермен таныстыруды жүзеге асырады.

11. Филиал қызметкерлеріне құқықтық және басқа да құқықтық мәселелер бойынша кеңес береді, мүліктік-құқықтық сипаттағы құжаттар мен актілерді ресімдеуге жәрдемдеседі, сондай-ақ маркетинг және коммерциялық қызмет бөлімімен және құқықтық, кадрлық жұмыс және мемлекеттік сатып алу секторымен құқықтық жұмыс жүргізеді.

12. Материалдарды қарайды, талап арыздарды дайындайды және мемлекеттік сатып алуға қатысты талап арыздар бойынша сотқа қатысады, сондай-ақ жеткізушілермен және Тапсырыс берушілермен наразылық жұмыстарын жүргізеді.

13. Мемлекеттік сатып алу жөніндегі шарттардың, шарттар бойынша өтінімдердің, сондай-ақ мемлекеттік сатып алу жоспарының орындалуын бақылайды және қадағалайды.

14. Конкурстық, аукциондық құжаттаманы қарайды, сондай-ақ мемлекеттік сатып алу жоспарын орындау үшін құрылымдық бөлімшелер ұсынатын техникалық ерекшелікті тексереді және қол қояды.

15. Тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді жеткізушілер шарттық міндеттемелерді орындамаған жағдайда, айыппұл санкцияларын өндіріп алу және оларды жосықсыз жеткізушілердің тізіліміне енгізу жөнінде талап - арыз жұмысын жүргізеді.

16. Белгіленген тәртіпке сәйкес қызметкерлерді тәртіптік және материалдық жауапкершілікке тарту туралы материалдарды ресімдеу.

17. ЕҚ, ҚТ, ӨҚ, және ҚС нормаларының нұсқаулықтары мен ережелерінің талаптарын сақтау.

18. Филиал басшылығының тапсырмасы бойынша өзге де әрекеттерді жүзеге асыру.

Конкурсқа қатысуға ниет білдірген азамат келесі құжаттарды қолма қол немесе курьерлік пошта арқылы ұсынуы қажет:

1) Конкурс Ережелерінің (Кәсіпорын сайтында, «бос жұмыс орындары» бөлігінің соңғы парақта орналастырылған) 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша өтініш;

2) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

3) кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке парақ (нақты тұрғылықты мекен-жайы мен байланыс телефондары көрсетілген);

4) лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың нотариалды куәландырылған көшірмелері;

5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі;

6) сыбайлас жемқорлық қылмыс жасау бойынша мәліметтердің бар-жоғы туралы анықтама (egov арқылы беріледі);

7) Конкурс Ережелерінің (Кәсіпорын сайтында, «бос жұмыс орындары» бөлігінің соңғы парақта орналастырылған) 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша түйіндеме.

Көрсетілген құжаттардың біреуі болмаса конкурсқа жіберуден бас тартуға негіз болып табылады. Құжаттарды курьерлік пошта арқылы алған жағдайда, олар қайтарылуға жатпайды.

Конкурсқа қатысушы өзінің біліміне қатысты қосымша ақпаратты, лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес жұмыс тәжірибесін растайтын құжаттарды, кәсіби деңгейін (біліктілігін арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар беру туралы құжаттардың көшірмелері, ғылыми жарияланымдар, алдыңғы жұмыс орнының басшылығынан ұсынымдар және т.б.) ұсынады.

Байқау келесі кезеңдерден тұрады:

1) біліктілік бағасы;

2) тестілеу;

3) әңгімелесу өткізу;

4) конкурстың қорытындысын шығару;

Конкурсты өткізу тәртібі Кәсіпорынның Басқармасының сырттай отырысының 2023 жылғы 21 қыркүйектегі № 55 шешімімен бекітілген Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Санитариялық -эпидемиологиялық бақылау комитетінің «Ұлттық сараптама орталығы» ШЖҚ РМК жұмыскерлерінің бос орын лауазымдарын конкурстық орналастыру ережелерімен (Кәсіпорын сайтында орналастырылған) реттеледі.

Құжаттарды қабылдау жұмыс күндері сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін (үзіліс сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін), Алматы қаласы, Жібек жолы көшесі, 3 мекен-жайы бойынша жүргізіледі.

Құжаттарды қабылдаудың аяқталуы: 2025 жыл 11 ақпан, сағат 18.30-ға дейін.

Анықтама телефоны: 8(727)3823565