Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Санитариялық -эпидемиологиялық бақылау комитетінің «Ұлттық сараптама орталығы» ШЖҚ РМК Қостанай облысы бойынша филиалы (бұдан әрі - Филиал) бухгалтерлік есеп және есептілік бөлімінің бастығы - бас бухгалтері бос лауазымына орналасуға конкурс жариялайды.
Филиал қызметінің мәні денсаулық сақтау саласындағы қызметті жүзеге асыру болып табылады
Филиал қызметінің мақсаты халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығын қамтамасыз ету болып табылады.
Біліктілік талаптары. Филиалдың Бухгалтерлік есеп және есептілік бөлімінің бастығы - бас бухгалтері бос лауазымына орналасу конкурсына тиісті бағыт бойынша жоғары білімі және кемінде 5 жыл жұмыс өтілі бар Қазақстан Республикасының азаматтары қатыса алады.
Лауазымдық міндеттері:
1) ұйымның бухгалтерлік есебі мен қаржы-шаруашылық қызметін ұйымдастыруды, материалдық, еңбек және қаржы ресурстарының үнемді пайдаланылуын бақылауды жүзеге асырады;
2) есепке алу-экономикалық бөлімшелерге басшылықты жүзеге асырады және олардың қызметін қамтамасыз етеді
3) бөлімшелердің басшыларымен өзара іс-қимыл жасайды
4) бухгалтерия қызметкерлерін басқарады
5) ұтымды жоспарлы және есептік құжаттаманы әзірлеуге және енгізуге қатысады
6) қаражаттың кірістері мен шығыстары туралы қаржылық есептілікті жасауды қамтамасыз етеді
7) бухгалтерлік, салықтық және статистикалық есептілік, қаржылық және кассалық тәртіп, бухгалтерлік есеп шоттарынан жетіспеушіліктерді, дебиторлық берешекті, зейнетақы және өзге де сақтандыру жарналарын есептен шығару заңдылығы бойынша жұмыс жүргізед
8) бастапқы және бухгалтерлік құжаттарды, есеп айырысу және төлем міндеттемелерін ресімдеу, жалақы қорын жұмсау тәртібінің сақталуын, ұйымдардың қызметкерлеріне жалақының дұрыс есептелуін, негізгі құралдарға, тауар-материалдық құндылықтар мен ақша қаражатына түгендеу жүргізуді, бухгалтерлік есеп пен есептілікті ұйымдастыруды тексеруді, сондай-ақ ұйымның бөлімшелерінде құжаттамалық ревизияларды бақылауды жүзеге асырады
9) мүлікті, міндеттемелерді және шаруашылық операцияларды, келіп түсетін негізгі құралдарды, тауарлық-материалдық құндылықтарды және ақша қаражатын есепке алуды ұйымдастырады
10) қаржыландырудың жұмыс жоспарын дайындау және қабылдау жөніндегі жұмысты басқарады
Конкурсқа қатысуға ниет білдірген азамат қолма-қол немесе курьерлік поштамен мынадай құжаттарды:
1) Конкурс Ережелерінің (Кәсіпорын сайтында, «бос жұмыс орындары» бөлігінің соңғы парақта орналастырылған) 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша өтініш;
2) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
3) кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке парақ (нақты тұрғылықты мекен-жайы мен байланыс телефондары көрсетілген);
4) лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың нотариалды куәландырылған көшірмелері;
5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі;
6) сыбайлас жемқорлық қылмыс жасау бойынша мәліметтердің бар-жоғы туралы анықтама (egov арқылы беріледі);
7) Конкурс Ережелерінің (Кәсіпорын сайтында, «бос жұмыс орындары» бөлігінің соңғы парақта орналастырылған) 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша түйіндеме.
Көрсетілген құжаттардың біреуі болмаса конкурсқа жіберуден бас тартуға негіз болып табылады. Құжаттарды курьерлік пошта арқылы алған жағдайда, олар қайтарылуға жатпайды.
Конкурсқа қатысушы өзінің біліміне қатысты қосымша ақпаратты, лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес жұмыс тәжірибесін растайтын құжаттарды, кәсіби деңгейін (біліктілігін арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар беру туралы құжаттардың көшірмелері, ғылыми жарияланымдар, алдыңғы жұмыс орнының басшылығынан ұсынымдар және т.б.) ұсынады.
Байқау келесі кезеңдерден тұрады:
1) біліктілік бағасы;
2) тестілеу;
3) әңгімелесу өткізу;
4) конкурс қорытындысын шығару;
Конкурсты өткізу тәртібі ҚР ДСМ СЭБК «Ұлттық сараптама орталығы» ШЖҚ РМК Басқармасының сырттай отырысының 2023 жылғы 21 қыркүйектегі № 55 шешімімен бекітілген ҚР ДСМ СЭБК «Ұлттық сараптама орталығы» ШЖҚ РМК қызметкерлерінің бос лауазымдарына конкурстық орналасу ережелерімен (Кәсіпорынның сайтында орналастырылған) реттеледі.
Құжаттарды қабылдау жұмыс күндері сағат 9.00-ден 13.00-ге дейін және 14.30-дан 18.00-ге дейін Қостанай облысы, Қостанай қаласы, Әл-Фараби даңғылы, 113 кабинет 414 мекенжайы бойынша жүргізіледі.
Құжаттарды қабылдаудың аяқталу күні мен уақыты: 18 қараша 2024 ж. 18-00-ге дейін.
Анықтама телефоны: 8(714 2) 56-92-72