Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің СЭБК «Ұлттық сараптама орталығы» ШЖҚ РМК-ның Ұлытау облысы бойынша филиалы есеп және экономика бөлімінің бөлім басшысы – бас бухгалтері бос лауазымына орналасуға конкурс жариялайды.
Біліктілікке қойылатын талаптар: жоғары кәсіптік (бухгалтерлік немесе экономикалық) білім, қаржылық және бухгалтерлік жұмыс саласында, оның ішінде басшылық лауазымдарда соңғы 5 жылдан кем емес жұмыс өтілі.
Лауазымдық міндеттері:
Филиал қызметі, оның мүліктік жағдайы, кірістері мен шығыстары, сондай-ақ қаржылық тәртіпті нығайтуға бағытталған іс-шараларды әзірлеу және іске асыру туралы толық және сенімді бухгалтерлік ақпаратты қалыптастыру және уақтылы ұсыну. Бастапқы және бухгалтерлік құжаттарды өңдеу тәртібінің, есеп айырысулар мен төлем міндеттемелерінің сақталуын, еңбекақы қорының жұмсалуын қадағалау. Шаруашылық ішіндегі резервтерді анықтау, ысыраптар мен өнімсіз шығындарды жою мақсатында бухгалтерлік есеп пен есеп беру деректері бойынша филиалдың шаруашылық-қаржылық қызметіне экономикалық талдау жасауға қатысу. Штаттық, қаржылық және кассалық тәртіпті, әкімшілік және басқа да шығыстар сметасын мүлтіксіз сақтауды, бухгалтерлік есеп шоттарынан жетіспеушіліктерді және басқа да ысыраптарды есептен шығарудың заңдылығын, есеп құжаттарының сақталуын, олардың ресімделуін және белгіленген тәртіпте мұрағатқа тапсырылуын қамтамасыз ету бойынша жұмыс. «Бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік үшін толық қаржылық жауапкершілікте болады.
Білуге тиіс: Экономика саласындағы заңнамалық және өзге де нормативтік құқықтық актілерді, Қазақстан Республикасының Конституциясын, «Салық және бюджетке төленетін басқа да төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексін, Қазақстан Республикасының «Салық және бюджетке төленетін басқа да төлемдер туралы» Заңын, бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік»; Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі; «Мемлекеттік тіл туралы» Қазақстан Республикасының Заңы;
Конкурсқа қатысуға ниет білдірген азамат келесі құжаттарды ұсынады:
1) қоса берілетін құжаттардың тізбесі көрсетілген тендерге қатысуға өтінім;
2) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
3) фотосуреті бар кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке парағы (нақты тұрғылықты жерінің мекенжайы және байланыс телефондары көрсетілген);
4) лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың нотариалды куәландырылған көшірмелері;
5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі;
6) сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің болуы немесе болмауы туралы анықтама (Қазақстан Республикасы Бас Прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті egov арқылы береді).
Көрсетілген құжаттардың біреуінің болмауы конкурсқа қатысушыдан құжаттарды қабылдаудан бас тартуға негіз болып табылады. Құжаттарды пошта арқылы алған жағдайда қайтаруға жатпайды.
Конкурсқа қатысушы бар болған жағдайда оның білімі, жұмыс тәжірибесі, кәсіби деңгейіне қатысты қосымша мәліметтерді (біліктілігін арттыру туралы құжаттардың көшірмелері, бұрынғы жұмыс орны басшылығының ұсыныстары) ұсынады.

Байқау келесі кезеңдерден тұрады:
1) біліктілікті бағалау;
2) тестілеу;
3) сұхбат жүргізу;
4) конкурстың қорытындысын шығару.
Конкурсты өткізу тәртібі Кәсіпорын Бас директорының 2017 жылғы 31 қазандағы № 369 бұйрығымен бекітілген Кәсіпорын қызметкерлерінің бос лауазымдарына конкурстық орналасу қағидаларымен реттеледі (Кәсіпорынның интернет-ресурсында орналастырылған).
Құжаттарды қабылдау жұмыс күндері сағат 9.00-ден 13.00-ге дейін және 14.30-дан 18.00-ге дейін Жезқазған қаласы, Гурбы көшесі, 6 үй мекенжайында жүргізіледі.
Құжаттарды қабылдаудың соңғы мерзімі: 2023 жылдың 3 шілде, сағат 18.00.
Анықтама телефоны: 8(7102) 41-02-41