Кері қоңырау шалуға тапсырыс беру

App Store-дан жүктеу

Play Market-тен жүктеу

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің СЭБК «Ұлттық сараптама орталығы» ШЖҚ РМК-ның Ұлытау облысы бойынша филиалының сапа менеджменті жүйесі бойынша сектордың сапа менеджері бос лауазымына орналасуға конкурс жариялау туралы хабарландыру

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің СЭБК «Ұлттық сараптама орталығы» ШЖҚ РМК-ның Ұлытау облысы бойынша филиалы сапа менеджменті жүйесі бойынша сектордың сапа менеджері бос лауазымына конкурс жариялайды.

Біліктілікке қойылатын талаптар: Стандарттау және сертификаттау» мамандығы бойынша жоғары техникалық білім және/немесе жоғары медициналық білімі және мамандығы бойынша кемінде 1 (бір) жыл жұмыс өтілі бар

Лауазымдық міндеттері: Стандарт талаптарына сәйкес филиалда құжаттарды әзірлеу және басқару жүйесін жүргізу. Ішкі аудиттің жылдық кестесін әзірлеу. Практикалық консультативтік көмек көрсету, сондай-ақ аккредиттеу мәселелері бойынша қызметкерлерді оқыту. Филиалдың жұмыс кестесінің элементтеріне сәйкес ішкі аудитке қатысу, сондай-ақ мамандармен орындалған жұмыс сапасының сәйкессіздігі туралы шағымдар мен талаптарды ұсыну. Сапа саясаты мен мақсаттарын әзірлеу. Персоналды оқыту бағдарламаларын дайындау және жүзеге асыруда әдістемелік көмек көрсету. Ішкі және сыртқы аудит нәтижелерін жүйелеу, сондай-ақ басшылықтың тексеруі үшін дұрыстығын ішкі бақылау.

Филиалдың ұйымдық-өкімдік құжаттарының жобаларын әзірлеу, нормативтік құжаттардың талаптарына сәйкес материалдарды жаңарту. Зертханааралық салыстырмалы сынақтардың орындалуын қадағалау. Аккредиттеу бойынша бюджетті жоспарлау бөлігінде Филиалды дамыту жоспарын дайындауға қатысу. Мамандардың біліктілігін аттестаттауға және бағалауға қатысу

Конкурсқа қатысуға ниет білдірген азамат келесі құжаттарды ұсынады:

 1) қоса берілетін құжаттардың тізбесі көрсетілген тендерге қатысуға өтінім;

2) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

3) фотосуреті бар кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке парағы (нақты тұрғылықты жерінің мекенжайы және байланыс телефондары көрсетілген);

4) лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың нотариалды куәландырылған көшірмелері;

5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі;

6) сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің болуы немесе болмауы туралы анықтама (Қазақстан Республикасы Бас Прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті egov арқылы береді).

Көрсетілген құжаттардың біреуінің болмауы конкурсқа қатысушыдан құжаттарды қабылдаудан бас тартуға негіз болып табылады. Құжаттарды пошта арқылы алған жағдайда қайтаруға жатпайды.

Конкурсқа қатысушы бар болған жағдайда оның білімі, жұмыс тәжірибесі, кәсіби деңгейіне қатысты қосымша мәліметтерді (біліктілігін арттыру туралы құжаттардың көшірмелері, бұрынғы жұмыс орны басшылығының ұсыныстары) ұсынады.

Байқау келесі кезеңдерден тұрады:

1) біліктілікті бағалау;

2) тестілеу;

3) сұхбат жүргізу;

4) конкурстың қорытындысын шығару.

Конкурсты өткізу тәртібі Кәсіпорын Бас директорының 2017 жылғы 31 қазандағы № 369 бұйрығымен бекітілген Кәсіпорын қызметкерлерінің бос лауазымдарына конкурстық орналасу қағидаларымен реттеледі (Кәсіпорынның интернет-ресурсында орналастырылған).

Құжаттарды қабылдау жұмыс күндері сағат 9.00-ден 13.00-ге дейін және 14.30-дан 18.00-ге дейін Жезқазған қаласы, Гурбы көшесі, 6 үй мекенжайында жүргізіледі.

Құжаттарды қабылдаудың соңғы мерзімі: 2023 жылдың 20 маусым, сағат 18.00.

Анықтама телефоны: 8(7102) 41-02-41