Кері қоңырау шалуға тапсырыс беру

App Store-дан жүктеу

Play Market-тен жүктеу

«Солтүстік Қазақстан облысы бойынша дезинфекция орталығы» бухгалтерлік есеп және экономика бөлімінің экономист бос лауазымына орналасуға конкурс өткізу туралы хабарландыру

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің «Ұлттық сараптама орталығы» ШЖҚ РМК «Солтүстік Қазақстан облысы бойынша дезинфекция орталығы» филиалы (бұдан әрі-Филиал) бухгалтерлік есеп және экономика бөлімінің экономисті бос лауазымына орналасуға конкурс жариялайды.

Филиал қызметінің мәні ошақтық және профилактикалық дезинфекция, дезинсекция және дератизацияны ұйымдастыру және жүргізу.

Филиал қызметінің мақсаты - халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығын қамтамасыз ету.

Бухгалтерлік есеп және экономика бөлімі экономистінің бос лауазымына қойылатын біліктілік талаптары:

Бухгалтерлік есеп және экономика бөлімінің экономист бос лауазымына орналасуға арналған конкурсқа жұмыс стажына талап қойылмай тиісті мамандық бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білімі немесе тиісті мамандық (біліктілік) бойынша орта техникалық және кәсіптік (орта арнайы, орта кәсіптік) білімі және экономист лауазымында кемінде 3 жыл жұмыс стажы бар Қазақстан Республикасының азаматтары қатыса алады.

Экономистің лауазымдық міндеттеріне: өндірістік жоспарды, перспективалық және жылдық қаржылық жоспарлардың жобаларын, ұйымның шоттарына ақша қаражатының түсу болжамдарын, даму жоспарларын әзірлеу; Филиалдың шаруашылық қызметіне кешенді экономикалық талдауды жүзеге асыру, өндіріс резервтерін және үнемдеу режимін, Филиал ресурстарын неғұрлым тиімді пайдалануды қамтамасыз ету жөніндегі шараларды анықтау; еңбекті және өндірісті ұйымдастырудың экономикалық тиімділігін айқындау кіреді; Филиалдың өндірістік қызметі нәтижелерінің экономикалық көрсеткіштерінің есебін, сондай-ақ жасалған шарттардың есебін жүргізу; еңбек және жалақы көрсеткіштерінің есебін жүргізу.

Конкурсқа қатысуға ниет білдірген тұлға (бұдан әрі-Конкурсқа қатысушы) мынадай құжаттарды ұсынады:

1) Қоса берілетін құжаттардың тізбесін көрсете отырып, конкурсқа қатысу туралы өтініш;

2) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

3) кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы (нақты тұрғылықты мекенжайы және байланыс телефондары көрсетіледі);

4) лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың нотариалды куәландырылған көшірмелері;

5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі;

6) Сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің бар не жоқ екендігі туралы анықтама.

Көрсетілген құжаттардың біреуінің болмауы Конкурсқа қатысушыдан құжаттарды қабылдаудан бас тартуға негіз болады. Құжаттарды пошта арқылы алған жағдайда, олар қайтарылмайды.

Конкурсқа қатысушы біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты (біліктілігін арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар беру, ғылыми жарияланымдар туралы құжаттардың көшірмелері, алдыңғы жұмыс орнындағы басшылықтан ұсынымдар) ұсынады.

Байқау келесі кезеңдерден тұрады:

1) біліктілік бағасы;

2) тестілеу;

3) әңгімелесу өткізу;

4) конкурстың қорытындысын шығару.

Конкурсты өткізу тәртібі Кәсіпорынның Бас директорының 2018 жылғы 21 қарашадағы №523 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Қоғамдық денсаулық сақтау комитетінің «Ұлттық сараптама орталығы» ШЖҚ РМК қызметкерлерінің бос лауазымдарына конкурстық орналасу қағидаларымен реттеледі (Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Cанитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің «Ұлттық сараптама орталығы»  ШЖҚ РМК сайтында орналастырылған).

Құжаттарды қабылдау жұмыс күндері сағат 9.00-ден бастап, сағат 13.00-ге дейін және сағат 14.30 бастап, 18.30-ға дейін 150000, Солтүстік Қазақстан облысы, Петропавл қаласы, Универсальная көшесі, 3а мекенжайы бойынша жүргізіледі.

Құжаттарды қабылдаудың аяқталуы:  2022 жылғы 19 мамыр сағ.18.30.

Анықтама телефоны: 8(7152) 31-29-57.