ҚР ДСМ Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің "Ұлттық сараптама орталығы" ШЖҚ РМК Қостанай облысы бойынша филиалы құқықтық, кадр жұмысы және мемлекеттік сатып алу секторының мемлекеттік сатып алу жөніндегі маманы бос лауазымына орналасуға конкурс жариялайды.
Біліктілік талаптары: құқықтану саласындағы жоғары білім- экономикалық, құқықтық, мамандығы бойынша жұмыс тәжірибесі саласында 1 жыл
Кәсіби білімге қойылатын талаптар: Қазақстан Республикасы заңнамасы мемлекеттік сатып алуды реттеу.
Лауазымдық міндеттері: тауарларды (жұмыстарды, қыхметтерді) сатып алуды ұйымдастыру, жылдық жоспарлардың жобаларын әзірлеу, Қазақстан Респубдикасының мемлекеттік сатып алу Веб-порталында мемлекеттік сатып алу туралы ақпаратты орналастыру, процедураны толық қамтамасыз ете отырып, сатып алу тапсырыстары
Конкурсқа қатысуға ниет білдірген азамат келесі құжаттарды ұсынады:
1) қоса берілетін құжаттардың тізбесі көрсетілген конкурсқа қатысуға өтінім;
2) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
3) кадр есебі жөніндегі толтырылған жеке іс парағы (нақты тұрғылықты мекен-жайы және байланыс телефондары көрсетілген) ;
4) лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың нотариалды куәландырылған көшірмелері;
5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі;
6) сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің болуы немесе болмауы туралы анықтама
Конкурсқа қатысушы бар болған жағдайда оның білімі, жұмыс тәжірибесі, кәсіби деңгейіне қатысты қосымша мәліметтерді (біліктілігін арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар беру туралы, құжаттардың көшірмелері, ғылыми жарияланымдар, бұрынғы жұмыс орны басшылығының ұсыныстары) ұсынады.
Байқау келесі кезеңдерден тұрады:
1) біліктілік бағасы;
2) тестілеу;
3) сұхбат жүргізу;
4) сайыстың қорытындысын шығару;
Конкурсты өткізу тәртібі Кәсіпорынның Бас директорының 2017 жылғы 31 қазандағы № 369 бұйрығымен бекітілген кәсіпорын қызметкерлерінің бос лауазымдарына конкурстық орналасу ережелерімен реттеледі (Кәсіпорынның сайтында орналастырылған).
Құжаттар жұмыс күндері: сағат 9.00-ден 13.00-ге дейін және 14.30-дан 18.00-ге дейін Қостанай облысы, Қостанай қаласы, Әл-Фараби даңғылы, 113
Құжаттарды қабылдаудың соңғы мерзімі 2022 жылдың 04 мамыр, сағат 18.00
Анықтама телефоны: 8(714 2) 56-92-72