Кері қоңырау шалуға тапсырыс беру

App Store-дан жүктеу

Play Market-тен жүктеу

ҚР ДСМ СЭБК «Ұлттық сараптама орталығы» ШЖҚ РМК Әдістемелік және метрологиялық қамтамасыз ету департаментінің техникалық регламенттердің мониторингі жөніндегі маманы бос орын лауазымына орналастыру конкурсын өткізу туралы хабарландыру

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің «Ұлттық сараптама орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорыны (бұдан әрі – Кәсіпорын) Әдістемелік және метрологиялық қамтамасыз ету департаментінің техникалық регламенттердің мониторингі жөніндегі маманы бос орын лауазымына орналастыруға конкурс жариялайды.

Кәсіпорын қызметінің міндеті денсаулық сақтау аумағындағы қызметті іске асыру болып табылады.

Кәсіпорын қызметінің мақсаты халықтың санитарлық-эпидемиологиялық саулығын қамтамасыз ету болып табылады.

Біліктілік талаптары:

Кәсіпорынның Әдістемелік және метрологиялық қамтамасыз ету департаментінің техникалық регламенттердің мониторингі жөніндегі маманы бос орын лауазымына орналастыру конкурсына жоғары білімі, санитариялық-эпидемиологиялық қызметте (немесе зертханалық қызметте) кемінде 3 (үш)жыл жұмыс өтілі бар Қазақстан Республикасының азаматтары қатыса алады.

Қызметтік міндеттері:

1) зертханалық зерттеулер мен аспаптық өлшеулердің үлгілік номенклатурасының орындалуын талдау;

2) «Зертханалық зерттеулер мен аспаптық өлшемдердің үлгілік номенклатурасын бекіту туралы» ҚР ДСМ СЭБК «Ұлттық сараптама орталығы» ШЖҚ РМК Басқарма Төрағасының 2024 жылғы 14 наурыздағы №258 бұйрығына сәйкес есепті қалыптастыруға қатысу;

3) нормативтік құжаттарды сатып алу және филиалдарға электрондық түрде уақтылы ұсыну;

4) тамақ және тамақ емес өнімдерді зерттеу саласындағы бейінді мамандандырылған зертханалар бойынша тоқсан сайынғы, жылдық есептер мен талдаулар дайындауға қатысу;

5) әдістеме мәселелері бойынша филиалдарға практикалық көмек көрсету;

6) симпозиумдарға, тренингтерге, семинарларға, мақалалар, тезистер жариялауға қатысуды ұйымдастыру және қабылдау;

7) уәкілетті органның сұрау салуларына ақпарат дайындау;

8) әдістемелік қамтамасыз ету мәселелері бойынша басқа мемлекеттік органдармен және мекемелермен өзара іс-қимыл жасау;

9) оқуға қатысу;

10) еңбек тәртібі мен қызметтік әдеп қағидаларын сақтау;

11) Департамент директорының және Кәсіпорын басшылығының Департаменттің міндеттері мен функцияларынан туындайтын өзге де тапсырмаларын орындау.

Конкурсқа қатысуға тілек білдірген азамат келесі құжаттарды қолма қол немесе курьерлік пошта арқылы ұсынуы қажет:

1) Конкурс Ережелерінің (Кәсіпорын сайтында, «бос жұмыс орындары» бөлігінің соңғы парақта орналастырылған) 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша өтініш;

2) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

3) кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке парақ (нақты тұрғылықты мекен-жайы мен байланыс телефондары көрсетілген);

4) лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың нотариалды куәландырылған көшірмелері;

5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі;

6) сыбайлас жемқорлық қылмыс жасау бойынша мәліметтердің бар-жоғы туралы анықтама (egov арқылы беріледі);

7) Конкурс Ережелерінің (Кәсіпорын сайтында, «бос жұмыс орындары» бөлігінің соңғы парақта орналастырылған) 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша түйіндеме.

Көрсетілген құжаттардың біреуі болмаса конкурсқа жіберуден бас тартуға негіз болып табылады. Құжаттарды курьерлік пошта арқылы алған жағдайда, олар қайтарылуға жатпайды.

Конкурсқа қатысушы өзінің біліміне қатысты қосымша ақпаратты, лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес жұмыс тәжірибесін растайтын құжаттарды, кәсіби деңгейін (біліктілігін арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар беру туралы құжаттардың көшірмелері, ғылыми жарияланымдар, алдыңғы жұмыс орнының басшылығынан ұсынымдар және т.б.) ұсынады.

Конкурс келесі кезеңдерден тұрады:

1) біліктілік бағалау;

2) тестілеу;

3) сұхбаттасу өткізу;

4) конкурс қорытындысын шығару.

Конкурсты өткізу тәртібі Кәсіпорынның Басқармасының сырттай отырысының 2023 жылғы 21 қыркүйектегі № 55 шешімімен бекітілген Кәсіпорын жұмыскерлерінің бос орын лауазымдарын конкурстық орналастыру ережелерімен (Кәсіпорын сайтында орналастырылған) реттеледі.

Құжаттарды қабылдау жұмыс күндері сағат 8.00-ден 13.00-ге дейін және 14.30-дан 17.30-ге дейін мына мекен-жай бойынша жүргізіледі: Астана қаласы, Қабанбай батыр даңғылы, 6/1 үй, Каскад БО, 18 қабат, 6 кабинет.

Құжаттарды қабылдаудың аяқталуы: 2026 жылғы 26 мамыр сағат 17.00.

Анықтама телефоны: 8(7172) 554903.