Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің «Ұлттық сараптама орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Ақтөбе облысы бойынша филиалы (бұдан әрі – Филиал) экономика және жоспарлау секторының экономисті бос лауазымына орналасуға конкурс жариялайды.
Филиал қызметінің мәні денсаулық сақтау саласындағы қызметті жүзеге асыру болып табылады.
Филиал қызметінің мақсаты - халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығын қамтамасыз ету.
Біліктілік талаптары:
Филиалдың экономика және жоспарлау секторының экономисті бос орын лауазымына орналастыруға арналған конкурсына жоғары (экономикалық, қаржылық) білімі және мамандығы бойынша 3 (үш) жыл жұмыс өтілі бар Қазақстан Республикасының азаматтары қатыса алады.
Лауазымдық міндеттері:
1) Кәсіпорынның және оның бөлімшелерінің шаруашылық қызметіне экономикалық талдау жүргізу, шығындарды үнемдеу шараларын қамтамасыз ету, өндірістің рентабельділігін, бәсекеге қабілеттілігін және еңбек өнімділігін арттыру, ысыраптар мен өнімсіз шығындарды жою жөніндегі шараларды әзірлеу;
2) материалдық, еңбек және қаржы ресурстарының ұтымды және үнемді пайдаланылуын қадағалау;
3) бюджеттік өтінімді, даму жоспарын және даму жоспарының құрылымын, төлемдер мен міндеттемелер бойынша егжей-тегжейлі қаржыландыру жоспарын дайындау;
4) Даму жоспарының жобасын әзірлеуге және қорғауға жауапты болады және Филиалдың экономикалық мүдделерін жоғары деңгейдегі ұйымдарға және қажет болған жағдайда білдіреді;
5) Жалпы филиал бойынша жоспарлы көрсеткіштердің орындалуын қадағалау; көрсетілетін қызметтер көлемінің өсуін қамтамасыз ету және пайданы ұлғайту мақсатында кәсіпорынның шаруашылық, қаржылық, өндірістік және коммерциялық қызметінің жобаларын (бизнес-жоспарларын) әзірлеу үшін бастапқы мәліметтерді дайындау;
6) штаттық және қаржылық тәртіптің, әкімшілік, шаруашылық және басқа да шығыстар сметасын, құжаттардың заңдылығын, олардың ресімделуін және мұрағатқа тиісті түрде тапсырылуын қатаң сақтауды қамтамасыз етуге;
7. ) қаражаттардың кiрiсi мен шығысы, бюджеттiң пайдаланылуы туралы бухгалтерлiк балансты және жедел жиынтық есептiлiктi, өзге де экономикалық және статистикалық есептiлiктi жасауға қатысуға және оларды белгiленген тәртiппен тиiстi мемлекеттiк органдарға ұсынуға мiндеттi.
Конкурсқа қатысуға ниет білдірген азамат келесі құжаттарды қолма қол немесе курьерлік пошта арқылы ұсынуы қажет:
1) Конкурс Ережелерінің (Кәсіпорын сайтында, «бос жұмыс орындары» бөлігінің соңғы парақта орналастырылған) 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша өтініш;
2) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
3) кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке парақ (нақты тұрғылықты мекен-жайы мен байланыс телефондары көрсетілген);
4) лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың нотариалды куәландырылған көшірмелері;
5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі;
6) сыбайлас жемқорлық қылмыс жасау бойынша мәліметтердің бар-жоғы туралы анықтама (egov арқылы беріледі);
7) Конкурс Ережелерінің (Кәсіпорын сайтында, «бос жұмыс орындары» бөлігінің соңғы парақта орналастырылған) 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша түйіндеме.
Көрсетілген құжаттардың біреуі болмаса конкурсқа жіберуден бас тартуға негіз болып табылады. Құжаттарды курьерлік пошта арқылы алған жағдайда, олар қайтарылуға жатпайды.
Конкурсқа қатысушы өзінің біліміне қатысты қосымша ақпаратты, лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес жұмыс тәжірибесін растайтын құжаттарды, кәсіби деңгейін (біліктілігін арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар беру туралы құжаттардың көшірмелері, ғылыми жарияланымдар, алдыңғы жұмыс орнының басшылығынан ұсынымдар және т.б.) ұсынады.
Байқау келесі кезеңдерден тұрады:
1) біліктілік бағалау;
2) тестілеу;
3) сұхбаттасу өткізу;
4) конкурстың қорытындысын шығару.
Конкурсты өткізу тәртібі ҚР ДСМ СЭБК «Ұлттық сараптама орталығы» ШЖҚ РМК Басқармасының сырттай отырысының 2023 жылғы 21 қыркүйектегі № 55 шешімімен бекітілген ҚР ДСМ СЭБК «Ұлттық сараптама орталығы» ШЖҚ РМК жұмыскерлерінің бос орын лауазымдарын конкурстық орналастыру ережелерімен (ҚР ДСМ СЭБК «Ұлттық сараптама орталығы» ШЖҚ РМК сайтында орналастырылған) реттеледі.
Құжаттарды қабылдау жұмыс күндері сағат 08:30-дан 17.30-ға дейін (үзіліс сағат 13.00-ден 14.00-ге дейін), Ақтөбе облысы Ақтөбе қаласы, Ақтөбе көшесі, 47/1 мекенжайы бойынша жүргізіледі.
Құжаттарды қабылдаудың аяқталуы: 2026 жылғы 02 маусым, сағат 17.30-ға дейін.
Анықтама телефоны: 8 7132 50-79-79.